Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Тоқтар Серіков - Ақ сәулем | Текст песни

Ақсәуле, аспанда аймен таласасың,
Төгіліп иығыңа қара шашың.
Жалт етіп құралай көз қарағанда,
Жанымның жайлауындай жарасасың.

Бір күй бар домбырамда тартылмаған,
Бір сыр бар жүрегімде айтылмаған.
Сен үшін келдім сақтап, сүйген сәулем,
Көзіңнен айналайын жалтылдаған.

Ақсәуле, арнадым мен арманымды,
Бұлбұлдай ұялаған таңда гүлді.
Көркіне көңілі сай келіп тұрған,
Арман не көргеніңде жан жарыңды.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-