Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нурым Куаныш/-Сагыныш хат - Нурым Куаныш-Сагыныш хат | Текст песни

Сағындым сені тұнығым
Тәтті еді керім қылығың
Қайдасың қайда ерке қыз?
Жел тербеп өскен бұрымын

Сағынып сені сүйіктім
Өмірдің мәнін жиі ұқтым
Сезім бар менде тұйық тым
Өзің бар жерде биікпін

Есімің тұмар түсімде
Сырымды көкке көшірме
Хатымды жыртып тастайсың
Атымды бірақ өшірме (2 рет)

Жаныңыз нұрдан жаралған
Бағыңыз нұрдан нәр алған
Орындалса деп тілеймін
Ақ парақтағы ай ақ арман

Әніммен әсем үн қаттым
Қабыл ал қалқам қымбаттым
Сауалым хаттың ішінде
Жауабын тапшы жұмбақтың

Есімің тұмар түсімде
Сырымды көкке көшірме
Хатымды жыртып тастайсың
Атымды бірақ өшірме (2 рет)


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
    Нет видео
    -