Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қызыма арнау - =((( | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

1. Еркетай едің, елігім, қызым,
Елікті іздер серігім, қызым.
Ақ босағаңды ақтарсың, қалқам,
Анаңның қимас жырымен, қызым

Қайырмасы:
Сүрінбе қызым, құлама, қызым.
Күлімде мәңгі, жылама, қызым.
Әкеңдей қамқор болар-ау деумен
Тапсырдым сені құдама қызым

2. Бой тұмарымдай гүлім ең, қызым,
Бой жеткенің бе шынымен, қызым?
Бағыңды іздеп бара жатырсың
Әкеңнің қимас жырымен қызым

Баласын баласы әкетіп барады,
Мұңайып нетесің, сен бүгін ұшасын, кетесің,
Көкешім, әкеңнен әкеңе жетесің

3. Құлпырып өскен гүл арай қызым,
Құлпырып өскен құралай қызым,
Жылатпай сені өсіріп едім,
Жүргейсің енді жыламай, қызым

4. Ақ сауле шашқан арайлым, қызым
Арыма сені балаймын, қызым
Айдында жүзген аққу сезіммен
Көрмеші өмір салқынын, қызым

5. Жанарың ңұрлы жарқыным, қызым
Жарқырап жүрген алтыным, қызым
Жабырқау сәттей толмағай деумен
Жаутаңдап саған қараймын, қызым

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Видео
Нет видео
-