Pesni.guru - сайт для Гуру
Әлемнің жарығын,
Сыйладың сен маған.
Даланың әр күнін,
Жинадың сен маған
. Сен берген құстардың,
Қанаты самғаған
, Балалық құштарым,
Өзіңе арналған
. Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
, Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Өтеуге борышым
, Анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін,
Әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын,
Сыйлар ем, кеш мені.
Сыйлар ме ай, күнін,
Қолыма түспеді.
Қайырмасы:
Әлдилеп аялап,
Өсірген жемісін.
Самал жел, сая бақ,
Құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де
, Мен саған сәбимін.
Көңілді көктемдей,
Көзіңнен танимын.
Другие названия этого текста
- Арман Карынсау - Ана туралы жыр (Шәмші Қалдаяқов) (0)
- Шәмші Қалдаяқов - Ана туралы жыр (Шәмші Қалдаяқов) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1