Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Фариза Оңғарсынова - Қоштасарда (оқыған: Арман ҚҰДАЙБЕРГЕН) | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Қоштасу кезі келгенде
жаутаңдап маған қарадың.
“Жүрмейсің бірге сен неге?”
Дегендей болды жанарың.

Елжіреп тұрды жас жүрек,
жеңе алмай күшін сезімнің.
Кеудеме жалын түсті кеп
жаныңдай ыстық өзіңнің.

Перронға шықтың, қарадың,
тұрсың ба мені қия алмай?
Сыр ашпай қалай қаламын,
“сәулешім” дер ме ем ұялмай?!

Айта алмай қалдым. Жалынға
өртеніп кеудем тұрды-ау бір...
Қалды да қойды жанымда
жауғалы тұрған бір жаңбыр.

1959


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-