Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қуандық Рахым - Уайымдама | Текст песни

Уайымдама, сен мені уайымдама,
Қосылмадық қайтеміз айым дара.
Мойында сен бәрібір, мойындама
Уайымдама.

Кетер емес құлақтан сыңғыр күлкің,
Қою шашың шынымен сүмбіл, шіркін.
Өтер емес өзіңсіз бұл күн - бұл түн.
Сыңғыр күлкің.

Жаным мені өтінемін уайымдама,
Өткен күндер сенің де ойыңда ма?!
Кездеспейміз махаббат бағында да,
Енді менің боласың әнім ғана.

Шыдамадың, сәл ғана шыдамадың,
Қаламап ем жүректің жылағанын.
Тап дейсің бе алтыным бір амалын?.
Шыдамадың.

Көктем кетер, тағы да күз келеді,
Сары күз бұл –сағыныш қыз бейнелі.
Қайтқан құстар тобынан ізде мені.
Күз келеді.

Жаным мені өтінемін уайымдама,
Өткен күндер сенің де ойыңда ма?!
Кездеспейміз махаббат бағында да,
Енді менің боласың әнім ғана.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-