Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қуандық Рахым & Гауһар Сардарбек - Болайық бірге | Текст песни

Ай,сұлу қыз,қалың қалай,
Көңіл ауды саған қарай,
Енді жібермеймін оңай.
Тілегіңіз тағы дос па екен?
Жүрегіңіз әлі бос па екен?
Кешіктім бе қап-ай, білемін қалай?
Тілегіңіз тағы дос па екен?
Жүрегіңіз әлі бос па екен?
Кешіктім бе қап-ай, білемін қалай?

Сері жігіт болшы абай,
Сендейлерді көргем талай.
Сәл-сәл асықпаңыз олай,
Жүрегіміз кілтті жұмбақ қой.
Оны ашу сізге қымбат қой,
Өз еркіңе қарай, ашасыз қалай?
Жүрегіміз кілтті жұмбақ қой.
Оны ашу сізге қымбат қой,
Өз еркіңе қарай, ашасыз қалай?

Қайырмасы:
Жігіт: Ашып алам оңай,жолы керек,
Қыз: Ғашық адам солай болу керек.
Жігіт: Бір арманға күндей толу керек.
Қыз: Екі жүрек бірдей соғу керек.

Жігіт: Көзіңізді жатқа сыйламай,
Қыз:. Өзіңізді босқа қинамай.
Екеуі:. Айырылмай мүлде,болайық бірге

Қабағыңа қонған Күн-Ай,
Жанарыңа толған шырай.
Сені,шүкір берген Құдай.
Сезіміміз тәтті ертегі ай,
Еркелеген менің еркем-ай.
Бақытты талай, көрейік ары қарай.

Қылығыма жүрсең шыдай,
Бақытты боламын ұдай.
Мені, еркелетсең былай.
Сен боласың менің серім-ай,
Мен боламын сенің теңің-ай.
Әнімді арнай, жүрейін қалмай.

Қайырмасы:
Жігіт: Бәрі лайық бізге, бағымызда
Қыз: Арылайық жалғыз шағымыздан
Жігіт: Сағынайық ойлап таңымыздан
Қыз: Табылайық әркез жанымыздан

Жігіт: Көзіңізді жатқа сыйламай,
Қыз:. Өзіңізді босқа қинамай.
Екеуі:. Айырылмай мүлде,болайық бірге

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-