Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Токтар мен Бейбит - Ак тилек (минус оригинал) | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

АҚ ТІЛЕК
1.Көктем қандай шырайлы, шұғылалы
Мың құлпырып қызғалдақ құлпырады.
Бақытты жан екеуміз бар әлемде,
Ешкім сырын білмейді, мұның әлі.

қ-сы: Таң қаламын кел бетіңе қараймында,
Ғарыштағы сәулелерден жаралдың ба
Сүйем сені, сүйемін, сүйем сені,
Оттай ыстық жүрегіммен ар алдыңда.

2.Жан жүрегім елжіреп сағынғанда,
Бір сен едің аңсаған таным алда.
Көзім талды жаутаңдап жұлдыздарға,
Көп қарадым, көк мұнар сағымдарға.

қ-сы: сол

3.Асыл жардың аяулы, ақ тілегі,
Аялаған арманның тәтті лебі.
Жалғыз сенің айнымас махаббатың,
Тебірентті, толқытты, қатты мені.

қ-сы: сол-2р.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4
Видео
    Нет видео
    -