Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Табылды Досымов - Ұнатамын мен сені | Текст песни

Ұнатамын мен сені
Сөзі: Мұқағали Мақатаев
Әні: Табылды Досымов

Ұнатамын мен сені дегенменен,
Көрмегенді басқадан сенен көрем.
Өз обалың өзіңе, өзіңнен көр,
Ғайып болсам бір күні егер де мен.
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Жүрегімнің бөлшегі,
Ұнатамын...
Дегеніңнің бәрін де жасап жүріп,
Көрсетпеймін зәредей асау қылық.
Сенің ғана еркіңе бас алдырып,
Бұға берем, не деген жасандылық?!
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Жүрегімнің бөлшегі,
Ұнатамын...
Ұнатамын мен сені бірақ, бірақ,
Мейіріміңді қайтейін жылап сұрап.
Ұнатамын дегенім - жасандылық,
Саған деген жүрегім құрақ-құрақ.
Ұнатамын мен сені,
Арманымдай еңселі,
Жүрегімнің бөлшегі,
Ұнатамын...


Другие названия этого текста
  • Табылды Досымов - Ұнатамын мен сені (1)
  • syltan - Ұнатамын мен сені (0)
  • Мерей Жукесов - Ұнатамын мен сені (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4
Видео
Нет видео
-