Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ОҚЫҒАН: АҚНҰР ТАНКУЛОВА - АВТОРЫ: АЙГЕРІМ ТҰРЛЫҚОЖА "СІЗ МЕНІҢ КӨЗДЕРІМЕ КӨРІНІҢІЗ" | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Сіз менің көздеріме көрініңіз,
Демеңіз, жүзі салқын, көңілі мұз.
Жылытып тоңған жанға от үрлеңіз,
Содан соң, жақұт болып төгіліңіз.

Пана болсын жүрекке жүрегіңіз,
Ұштасып бірге өрілсін тілегіміз.
Мен жүрер гүлзар бақты баптап бағып,
Тоғысар жолымызға гүл егіңіз.

Үмітіме үкі боп жалғаныңыз,
Бізді күтсін аяулы арманымыз.
Сенгенім де, сенерім сіз деп біліп,
Сәулесіне сүйгізсін таңдарымыз.

Сағыныңыз сіз мені, сағыныңыз,
Көрінбесем, іздеңіз, сабылыңыз.
Есіміңіз жадымда жазылғандай,
Мәңгі менің жанымнан табылыңыз.

Авторы: Айгерім Тұрлықожа

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-