Барады аулым көшіп Қызылжарға, Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай. Осы әнге тамылжытып сала берем, Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Қайырмасы: Құландай жүйрік майда жал-ай, бар ма екен біздей ынтызар-ай, Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ел алды қарайғанда қамыс қалды Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ауылға алыс қалған қарай-қарай Қайрылып қаршығадай мойным талды, Көзіңнің мөлдірін-ай
қ-сы
Ұшады аққу көлден қайраңдаған Дариға, өткен өмір айналмаған, Көзіңнің мөлдірін-ай. Ауылға алыс кеткен, қимас қалқа Жүзіңді сағындым ғой жайраңдаған, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Другие названия этого текста
Орда тобы - Көзіңнің мөлдірін-ай (1)
Гүлхан Сіргебаева және Дәулет Болатбаев - Көзіннің мөлдірін-ай (1)
Qazaqtıň halıq əni - Közıňnıň möldirin-ay (0)
Назия Муратбек - Көзіңнің мөлдірін-ай(минус) (0)
Абай - Көзіңнің мөлдірін-ай (0)
♥♥♥Ulzhanka♥♥Nurken4ik♥♥♥Қазақтың халық әні - Көзіңнің мөлдірін-ай (0)