Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нұрсұлтан Талғатұлы - Тұманбай Молдағалиев" Сүйеді екем" | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

ТҰМАНБАЙ МОЛДАҒАЛИЕВТІКІ

Сүйеді екем, сүйеді екем сені мен,
Артық көріп көктеменің лебінен.
Сен туралы жырлайды екен құс біткен,
Махаббатты алып ұшып көгімен.

Жеңіл ғана сенің аяқ басқаның,
Ұқсамайды жүрісіне басқаның.
Сенің жайлап үн шығармай күлгенің
Ұқсамайды күлісіне басқаның.

Сенің көзің қара да емес, көк те емес,
Ол бір ғажап жарқыраған отты елес.
Сенсіз жерде жыр туындап кеудемде,
Сенсіз жерде қызыл гүл де көктемес.

Сен өзіңсің, сен сезімсің мендегі
Күмбірлетіп жіберетін кеудені
Домбыраның құлақ күйін келтіріп,
Шертпегенің, тартпағаның жөн бе еді.

Көп жүріппіз, жетер жол да аз қапты,
Баяғыдай құлпыртыпты жаз бақты.
Үнсіз ғана қоштасып ек екеуміз,
Үнсіз қайта табысуға жазбапты.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-