Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Нұржан Керменбаев - OST "Омiр ай..." саундрек к фильму 2013 | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Күндерден озып күн алмасқан,
Жылдарға келіп жыл жалғасқан.
Өмір сырын жүрміз әлі ұға алмастан.
Қанша жан мені еркелетті,
Қанша жан мені өкпелетті.
Арман қуып қанша уақыт текке кетті,
Сұрақсың-ау бізге, сынақсың-ау өмір-ай.

Қайырмасы:
Өмір-ай, сағымдай,
Өткінші бір жалындай.
Сендегі сұрақтың, жауабы жүр табылмай.
Өмір-ай сағымдай,
Сен қамшының сабындай,
Зуылдап отерсің еркімізге бағынбай.

Ғашық боламыз, жек көреміз,
Кешіріп, кейде кектенеміз.
Жазылған тағдырдың бәрін өткереміз,
Шын жұмбақсың бізге, тым қымбатсың өмір-ай.

Қайырмасы:
Өмір-ай, сағымдай,
Өткінші бір жалындай.
Сендегі сұрақтың, жауабы жүр табылмай,
Өмір-ай сағымдай,
Сен қамшының сабындай,
Зуылдап отерсің еркімізге бағынбай.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-