Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мұхтар Шаханов - "Төрт ана" | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Тағдырыңды тамырсыздық iндетiнен қалқала,
Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгi астана,
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдiреттi төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРI – түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТIЛI – мәңгi өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРI – тiрегi,
Қадамына шуақ шашар үнемi,
Және ТУҒАН ТАРИХЫ,
Еске алуға қаншама
Ауыр әрi қасiреттi болса да.

Құдiрет жоқ төрт анаға тең келер,
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсiнбеген пенделер.
Төрт анадан сенiм таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда қалмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиеттi бұл төрт ана – тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшiн болған күрес – күрестердiң ұлысы!


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Видео
  • МҰХТАР ШАХАНОВ! " ТӨРТ АНА" МҰХТАР ШАХАНОВ! " ТӨРТ АНА"
    МУХТАР ШАХАНОВТЫҢ ӘНДЕРІ. ... Мұхтар Шаханов - НАМЫССЫЗ ДАРЫН САТҚЫНДЫҒЫ ... Жұртты жылатқан ана туралы ...
  • М Шаханов Отырар кітапханасы М Шаханов Отырар кітапханасы
    М.Шаханов Отырар кітапханасы. ... Если бы Мухтар Шаханов учавствовал в выборах 2015, то смог бы составить конкуренцию ...