Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мукагали Макатаев - оз дауысы | Текст песни

1) Бұлқынып жатыр. Келмейді-ау құрғыр шамасы, Бұлқынып жатыр. Таусылды-ау айла-шарасы. Сәулемнің менің аяқ пен қолын матамай, Бостандық берші, бостандық берші, мамасы. Тұмшалап қойдың несіне сонша қаусырып, Шандудан бөлек қалған ба шараң таусылып. Аяқ пен қолын матамай бос қой, мамасы, Кішкентай адам көрсетіп жатыр қарсылық. Қарашы мынау қабаржып жатқан пішінге, ЬІза мен ашу қайнайды келіп ішінде. Жетпей ме сол да, қойдың ғой мені арқандап Мамасы, босат, қызыма құрсау түсірме! Көкемді босат, аяқ пен қолын матама, Көтеріп жүрем, көтеріп өтем жотама. Басымды тігем. Бармақтай менің сәбиім бүлдіре қоймас... Бостандық берші ботама? Мамасы, босат, еркімен өссін тал шыбық! Ауа мен күнге, Ай менен нұрға малшынып. Бұлқынып жатыр, ұмтылып жатыр, қарашы Кішкентай жүрек көрсетіп жатыр қарсылық.

2)Қарлығашым, келдің бе, қаршығадан саумысың?
Аман-есен жеттің бе, айыр құйрық нау-құсым?
Оралдың ба, тағы да өзің өскен ұяға,
Оралдың ба, сүйіктім, екеуің де бармысың?
Қарлығашым, бұ қалай, қайда кеткен серігің?
Зияны жоқ зиялым, өкпелетті сені кім?
...Түсінікті, сүйіктім, түсінікті айтпа енді,
Тұмар
құсым кеткен-ау тырнағында перінің.
(О жылы біз ауылда оңаша үйде түрғанбыз)
Жаз да өтіп барады, қарлығашым жүр жалғыз,
Көзді ашып-жұмғанша
көсеуін ап қолына
Жетіп келді бір күні жел үрлеген сырдан күз.
Ғанибет қой, шіркін-ай, шуылдасаң ұлардай,
Қиын екен жалғыздық қияда өскен шынардай,
Жалғыз қайтты сол жылы, жалғыз қайтты жыл құсы,
Жұмыртқа да таба алмай, балапан да шығармай.
Қарауытып көз алдым, қарап тұрмын досыма,
- Қарлығашым,
қайта орал мекеніңе, шошыма.
Әжем менің күйбеңдеп, күбірдеп жүр аулада,
- О, бәтшағар
өмір-ай, өмір дейтін осы да!..


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Мұқағали Мақатаев өз дауысы Мұқағали Мақатаев өз дауысы
    Мукагали атамыз улы тулга,кышылыкты кысылыкты осы атамыздын ... Мұқағали Мақатаев өз дауысы: http://youtu.be/tHDr7qAg_yI.
  • Мукагали Макатаев слайд Мукагали Макатаев слайд
    Мұқағали Мақатаев өз дауысы. Мукагали Макатаев оз дауысы - Duration: 3: 22. by Данияр Алихенов 14,428 views. 3:22. Фариза, Фариза ...
  • "Фариза" Мұқағали Мақатаев (Мукагали Макатаев) "Фариза" Мұқағали Мақатаев (Мукагали Макатаев)
    Мұқағали Мақатаев өз дауысы. Мукагали Макатаев оз дауысы - Duration: 3: 22. by Данияр Алихенов 14,200 views. 3:22. Мукагали ...
  • Фариза кыз Мукагали макатаев Омаров Тенел Фариза кыз Мукагали макатаев Омаров Тенел
    Мукагали Макатаев оз дауысы - Duration: 3:22. by Данияр Алихенов 14,200 views. 3:22. Мақпал Жүнісова "Фариза" әні ...
  • Мукагали Макатаев (RU) Мукагали Макатаев (RU)
    д/ф "Мукагали Макатаев" Поэзия моя, если умру я - ты живи на русском языке .
  • мукагали макатаев мукагали макатаев
    Мұқағали Мақатаев өз дауысы. Мукагали Макатаев оз дауысы - Duration: 3: 22. by Данияр Алихенов 14,200 views. 3:22. Мұқағали ...