Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

МузАрт - Өз Елім | Текст песни

с. Қ.Мырзалиев
ә. Н.Тілендиев

Келгенде көктемі
Көңілін гүл басқан
Шырағы көктегі
Жұлдызбен сырласқан

Өз елім менің
Өзегім менің
Жырыма қосып жүремін
Төрім деп менің
Жерім деп менің
Соғады мәңгі жүрегім

Түлегі сендер
Тілегі сендер
Тірегі сендер бұл елдің
Назары сендер
Базары сендер
Ажары сендер бұл елдің

Ақ күмбез астығы
Асқар боп өрлеген
Жалынды жастығы
Жүлдені бермеген

Өз елім менің
Өзегім менің
Жырыма қосып жүремін
Төрім деп менің
Жерім деп менің
Соғады мәңгі жүрегім

Түлегі сендер
Тілегі сендер
Тірегі сендер бұл елдің
Назары сендер
Базары сендер
Ажары сендер бүл елдің

Бұзылмас қамалың
Батыры уақыттың
Тербеген самалы
Бесігін бақыттың

Өз елім менің
Өзегім менің
Жырыма қосып жүремін
Төрім деп менің
Жерім деп сенің
Соғады мәңгі жүрегім

Түлегі сендер
Тілегі сендер
Тірегі сендер сол елдің
Назары сендер
Базары сендер
Ажары сендер сол елдің

Түлегі сендер
Тілегі сендер
Тірегі сендер сол елдің
Назары сендер
Базары сендер
Ажары сендер сол елдің

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Muz-Art - Oz elim ||| Мұз-Арт - Өз елім Muz-Art - Oz elim ||| Мұз-Арт - Өз елім
    Gauhar Arystan 4 years ago. Клиптің режиссері мықты емес, бірде-бір нақты кадр жоқ. Ал Музарт әрине әрқашан керемет, ән де жақсы.
  • ELIM MENIM, BEKBOLAT TLEUHAN Бекболат Тлеухан ELIM MENIM, BEKBOLAT TLEUHAN Бекболат Тлеухан
    Вы посмотрите на соседние гос-ва там беспредел и безработица! У нас по сравнению с ними просто сказка! Они иммигрируют в нашу ...