Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мөлдір Әуелбекова - Ана туралы баллада [2015] | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Ана туралы баллада
ә. Жақсыгелді Сейілов
ө. Аманжол Шамкенов
Әлі есімде, біледі жұрт, біледі,
Ел басына қатер төнген жыл еді.
Қимастарын қан майданға ұзатып,
Қарс айырылған аналардың жүрегі.
Қайырмасы;
О, аналар, осындайсың бәрін де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сиынатын болса өмірде құдірет,
Сиынар ем ана деген тәңірге.
Соғыс жұлып кетті үйінің тірегін,
Соғыс бұзды қуанышын, реңін.
Тұрды ана күйеуінен айырылып,
Тұрды құшып тек қана оның күрегін.
Қайырмасы;
О, аналар, осындайсың бәрін де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сиынатын болса өмірде құдірет,
Сиынар ем ана деген тәңірге.
Ақ сүті оның өтеусіз жай қала ма,
Борышты оған небір дарқан дана да!
Тірлік сеуіп келе жатқан дүниеге,
Әй, адамдар, жол беріңдер анаға.
Қайырмасы;
О, аналар, осындайсың бәрін де,
Осындайсың жасың-дағы, кәрің де.
Сиынатын болса өмірде құдірет,
Сиынар ем ана деген тәңірге.


Другие названия этого текста
  • Бекзат Бакытбекова2014год - Ана туралы баллада (0)
  • Мөлдір Әуелбекова - Ана туралы баллада [2015] (0)
  • Ернар - Ана тура баллада (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
    Нет видео
    -