Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Мейрамбек Беспаев - Бозторғай | Текст песни

Бозторғай

Бозторғай, бозторғай

Айналайын жыл құсым,
Аман-есен жүрмісің.
Ала таңнан шырылдап,
Қуантқалы тұрмысың.

Қанатыңды кердің бе,
Қияндардан келдің бе?
Жетімекпін мен неге,
Анамды сен көрдің бе?

Қатпа қара баламын,
Тағдырыма не аламын,
Анамды іздеп әр таңда,
Аңсап әнге саламын.

Бір ашылмай қабағым.
Неге жетім қаламын.
Мүмкін емес болмауы
Мені туған ананың.

Бозторғай, бозторғай

Ана сүтін ембедім
Құшағыңа енбедім
Аймалаған аялы
Алақанын көрмедім.

Туғаным жоқ, тумам жоқ
Менде қызық-думан жоқ.
Қырға шығып бала боп,
Көбелек те қуғам жоқ.

Шешем болса, келмей ме,
Баласын бір көрмей ме,
Мейірлене құшақтап,
Өрік-мейіз бермей ме..

Торғай екен торғайда
Балапанын қорғайды.
Ана безсе баладан,
Бәрінен де сол қайғы..

Бозторғай, бозторғай

Көңіл-күйі кетілген
Сен де мендей жетім бең
Еркелетіп еш пенде
Сүйген емес бетімнен.

Тереземді ашайын,
Алдыңа жем шашайын,
Мұңымды айтып өзіңе
Мауқымды бір басайын.

Жаралаған жас жанды
Азапты өмір басталды
Керегі жоқ ешкімге
Болғанымда тастанды

Тас жетім боп қалғаным
Туа біткен арға мін
Бір иіскесем анамды
Болмас еді арманым..

Другие названия этого текста
  • Мейрамбек Беспаев - Бозторғай (0)
  • МЕЙРАМБЕК БЕСПАЕВ - БОЗТОРГАЙ (1985) (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 15
Видео
  • Мейрамбек Беспаев Бозторгай Мейрамбек Беспаев Бозторгай
    ән де керемет, орындалуы да өзгеше. Мейрамбек ағаның талантына дауа жоқ. Қашан тыңдасам да, қанша рет тыңдасам да көзіме ...
  • Мейрамбек Беспаев - Алғашқы махаббат Мейрамбек Беспаев - Алғашқы махаббат
    Менин алгашкы махаббатым Медет еди) баска жигит жоктай коп кыз сол жигитке гашык едик))) казир турмыстамын, алгашкы жане ...
  • Мейрамбек Беспаев укили камшат Мейрамбек Беспаев укили камшат
    Мейрамбек Беспаев укили камшат ... Мейранбек Беспаев ол дуниеге 1 келге аншигой ондаи анши жок баска .... Мейрамбек красавчик!
  • мейрамбек , токтар - сагындырган 25 мейрамбек , токтар - сагындырган 25
    мейрамбек , токтар - сагындырган 25 ... Ай?жын да пери 25 ... Мейрамбек Беспаев Сандуғаш Стамғазиева - Сен болмасан ...
  • Мейрамбек Бесбаев и Сандуғаш Стамғазиева Қоштасудың қиыны ай Мейрамбек Бесбаев и Сандуғаш Стамғазиева Қоштасудың қиыны ай
    Мейрамбек Бесбаев и Сандуғаш Стамғазиева Қоштасудың қиыны ай ... Мейрамбек Беспаев Сандуғаш Стамғазиева - Сен болмасан ...
  • Нұрмұхаммед Жақып Ибрагимұлы Нұрмұхаммед Жақып Ибрагимұлы
    Нұрмұхаммед Жақып Ибрагимұлы Бозторғай. ... Нурмухаммед Жакып - Бозторгай жана ан 2015 Мейрамбек Бесбаев - Duration ...
  • Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Беспаев - Әке мен бала Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Беспаев - Әке мен бала
    Тоқтар Серіков пен Мейрамбек Беспаев - Әке мен бала. Erke_ky3. Subscribe SubscribedUnsubscribe 10 ...