Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Маржан Арапбаева және Еркін Мәулен - Гүл сезім | Текст песни

Өмірде тағдыр айдап
Кездестім өзіңменен
Кезім бұл бал-бұл жайнап
Қайғым-ау сезілмеген.

Тұңғиық көзіңдегі
бөлендім шапағатқа
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?

Көңілдің алып ұшқан
Шаттығын жасыра алмай
Жандардай сағынысқан
Жалындап басыла алмай

Келеді құшақтағым
Келеді еркелегім
Ешкімге Ұқсатпадым
Не деген көркем едің

Бейнеңе елжіреген
Тым ұзақ жаутаңдадым
Жанымның мөлдіреген
Сырларын айта алмадым

Тұңғиық көзіңдегі
бөлендім шапағатқа
Бұл нәзік сезім бе еді
Бұл әлде махаббат па?


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Видео
Нет видео
-