Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Коран - Фәтих сүресі - сура №48 – Аль-Фатх (Победа) | Текст песни

(Мұхаммед Ғ.С.) Сөзсіз сені ашық жеңіске ие қылдық. (1)
Алла, өткен әрі келешектегі күнәңды жарылқау, саған деген нығметін тамамдау және саған тура жол көрсету үшін. (2)
Тағы саған үстем бір нұсрат берер. (3)
Ол сондай Алла, мүміндердің иманын арттыра түсу үшін олардың жүректеріне тоқтау салды. Көктердегі және жердегі ләшкерлер Алланікі. Сондай-ақ Алла толық білуші, зор хикмет иесі. (4)
Мүмін ерлер мен әйелдерді астарынан өзендер ағатын жаннаттарға мәңгі қалатын түрде кіргізу үшін жамандықтарын жояды. Міне осы, Алланың қасында зор табыс. (5)
Аллаға байланысты жаман ой ойлаған мұнафық ерлер мен мұнафық әйелдерді, мүшрік ерлер мен мүшрік әйелдерді азапқа ұшыратады. Жамандық өздеріне болсын. Алла оларға ашуланды, оларды лағынеттеді де, оларға тозақ дайындады. Нендей жаман барар жер. (6)
Көктер мен жердің әскерлері Алланікі. Әрине Алла, тым үстем, зор хикмет иесі. (7)
(Мұхаммед Ғ.С.) шын мәнінде сені куә, қуантушы және ескертуші етіп жібердік. (8)
Аллаға, Елшісіне иман келтіресіңдер. Оны қуаттайсыңдар, Оны ұлықтайсыңдар және ертелі-кеш Оны дәріптейсіңдер. (9)
(Мұхаммед Ғ.С.) саған биғат қылғандар, (қол бергендер,) әрине Аллаға қол берген болады. Алланың құдырет қолы олардың қолдарының үстінде. Сондықтан кім сертін бұзса, сонда өз зиянына ғана. Ал және кім Аллаға берген сертін орындаса, оған зор сыйлық береді. (10)
Бәдеуилерден соғыстан қалып қалғандар, саған: “Бізді малдарымыз, семьяларымыз айналдырды. Сондықтан біз үшін жарылқау тіле” дейді. Олар, жүректерінде болмаған нәрсені тілдерімен айта береді. Оларға: “Егер Алла, сендерге бір зиян қаласа немесе бір пайда қаласа, сонда сендер үшін Аллаға біреу не істей алады? Олай емес. Алла сендердің не істегендеріңді толық біледі” де. (11)
Бәлкім сендер, Пайғамбарды, мүміндерді семьяларына мүлде қайта алмайды деп ойладыңдар. Бұл жүректеріңде әдемі көрсетілді. Сондай-ақ жаман ой ойладыңдар да жоғалуға лайық ел болдыңдар. (12)
Ал әлде кім Аллаға, елшісіне иман келтірмесе, сонда қарсы болғандарға жалындаған тозақ дайындадық. (13)
Көктер мен жердің иелігі Аллаға тән. Кімді қаласа, жарылқайды да кімді қаласа, қинайды. Сондай-ақ Алла, аса жарылқаушы, ерекше мейірімді. (14)
Ол соғыстан қалып қалғандар, сендер олжа алу үшін кеткен кезде: “Бізді қоя беріңдер, сендерге ерейік” дейді. Олар Алланың сөзін ауыстыруды қалайды. (Мұхаммед Ғ.С.) оларға: “Әсте бізге ермейсіңдер. Сендер үшін Алла, бұрыннан осылай айтқан” де. Сонда олар: “Олай емес. Сендер бізді көре алмайсыңдар” дейді. Олар өте аз түсінеді. (15)
(Мұхаммед Ғ.С.) соғысқа бармай қалған бәдеуилерге: “Сендер жақында аса күшті бір елге шақырыласыңдар да олармен соғысасыңдар. Немесе олар Мұсылман болады. Егер бұл әмірге бағынсаңдар, Алла, сендерге жақсы сыйлық береді. Ал егер бұрын бет бұрғандай бет бұрсаңдар, Алла, сендерді кү

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
  • DragonBall Z Abridged: Episode 48 ... DragonBall Z Abridged: Episode 48 ...
    Dragonball Z Abridged Parody follows the adventures of Goku, Gohan, Krillin, Piccolo, Vegeta ...
  • BJERGSEN 48 KILLS BJERGSEN 48 KILLS
    BJERGSEN 48 KILLS. Lyance ... 5:48. Bjergsen vs Doublelift | 1v1 Tournament Finals | All ...
  • Elsa & Jack KISS (Jelsa) ! Elsa & Anna of ... Elsa & Jack KISS (Jelsa) ! Elsa & Anna of ...
    Elsa & Jack KISS (Jelsa) ! Elsa & Anna of Arendelle Episode 48 - Valentine's Day Frozen ...
  • 48 Things Women Hear In A Lifetime (That Men ... 48 Things Women Hear In A Lifetime (That Men ...
    why don't you now do 48 things men hear in a lifetime (That Women Just ... so LOL 48 things ...