Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Күнсұлу Түрікпен - Мейірбан Алла | Текст песни

Көңілімді күздің бұлты басқанда
Көзімнен ерке күлкі қашқанда
Нәурізек сынды нәзік сезімнің
Күлтесін ызғар жұлқып ашқанда
Мейірбан Алла өзіңді ойладым
Мейірімді Алла өзіңді ойладым

Тұқыртып тұрмыс қыспаққа алғанда
Қабағымда мұң қыстап қалғанда
Керуен тартқан құстармен бірге
Жылы жақтарға ұшпақ болғанда
Мейірбан Алла өзіңді ойладым
Мейірімді Алла өзіңді ойладым

Көңілдің көлі лайланғанында
Ұршықтай басым айналғанында
Көрмеуге лайық көкелерімнің
Көлеңкесіне байланғанымда
Жарылқаушы тәңірім өзіңді ойладым
Мейірбан Алла өзіңді ойладым

Сағым бір сынған сағаттарымда
Саф алтын сабы жоғалтқанымда
Арқардай меніңарда достарым
Арқасын бері қаратқанында
Мейірбан Алла өзіңді ойладым
Мейірімді Алла өзіңді ойладым

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-