Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Әкім Ысқақ - Өмір сұрағы (оқыған: Арман Құдайберген) | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Өмір сұрағы

Неге адамдар көп, адамдық аз?
Неге жамандар көп, жақсылар аз?
Неге басшы болсам дейтіндер көп,
Адам болғысы келетіндер аз?
Неге өзгені өсектейтіндер көп,өз қадірін білетіндер аз?
Неге ақымақ көп, ақылды аз. Неге? Неге?
Жүректі мазалар сұрақтар көп, жауап аз.
Ғашықтар көп, бақытты болғандар аз.
Неге шын сүйгендер қосылмайды? Алғашқы махаббат неге ұмытылмайды?
Неге? Неге?Қояр сауал көп, бірақ соған жауап табу қиынның қиыны.
Иә, «неге? неге?» деп басталатын сұрақтар әр күнде, әрбір сағатта, әрбір сәтте кездеседі. Пенде ретінде бәріне де жауап іздейсің.
Иә, ойлайтын ойлар көп, нәтиже аз.
Өйткені екі жүзділік көп, өзгермейтіндер аз.
Өйткені ұнататындар көп, шын махаббат аз.
Бақыт туралы ойлайтындар көп, бірақ өз бақыты үшін күресетіндер аз.
«Өмір бір-ақ рет беріледі» дейтіндер көп, бірақ оған жете мән беретіндер аз.
Өйткені дұшпаның сыртта емес, жанында екендігін кеш білетіндер көп...
Өйткені басыңа қара түнек орнағанда ғана адамды шын танисың.
Иә, қойылар өмір сұрағы көп, ал берілген өмір аз.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-