Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Келденбай Өлмесеков - Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек Шәкәрім | Текст песни

Бұл ән – бұрынғы әннен өзгерек,
Бұған – ұйқасты өлең, сөз керек,
Өзіне орайлы.
Денең – жан нұрлы болса жөнделмек,
Өлең - әнге өлшеп айтса өңделмек,
Ұйқасқа қолайлы.

Ән өлшеуіш, өлең күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.
Артық елу, не кем салу,
Әрпі қалу жарамас.

Ауыр, - осы әнге тұщы сөз салмақ,
Тәуір, - татымды ұйқас жиналмақ,
Тереңнен толғанып.
Сырын бұл әннің айтып қарайын,
Түрін, - сипаттап тізіп санайын,
Өлең тап ойланып!

Буыны сегіз, алтауы егіз,
Үш ем деңіз, екеуі,
Кім дәл басты, кілтін ашты,
Жақсы ұйқасты нешеуі?

Другие названия этого текста
  • Келденбай Өлмесеков - Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек Шәкәрім (0)
  • автор: Шәкәрім Құдайбердіұлы - Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-