Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Каракат - келшi келшi балашым | Текст песни

Айым болып тудың ба?
Кунім болып тудың ба?
Әке жолын қудың ба?
Ата жолын қудың ба?
Бұл дүниеге келген соң,
Сұрауы бар судың да.
Айдарыңнан айналдым,
Маңдайыңнан айналдым.
Торсық шеке, тоқ шеке
Бақ болар, деп ойладым.
Ашық жанар —көңілің
Ақ болар, деп ойладым.
Қуанышым — арай жүз,
Сейлесерміз талай біз.
Бар ағайын жиналып,
Мәз боп саған қараймыз.
Сендей бала ешкімде
Болмаған деп санаймыз.
Жалғыз дара — өзіңсің,
Атасының көзісің,
Әжесінің сөзісің,
Мен барымды аяман,
Ботақаным, сен үшін.
Не деп енді мақтайын?
Айтуға сөз таппаймын.
Мактап кетсем көбірек,
Мен әжеңе жақпаймын.
Келші, келші, балашым,
Бір иіскемей жатпаймын.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-