Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Каракат - Ару ғұмыр | Текст песни

Адалдығы болмаса аңсатарма
Ару деген әдемі әрқашанда
Өмір атты іздеген ән-сапарда бақыт
Әр таң оған ерекше күліп келген
Әр көктемнен ерекше үміттенген
Зулайтынын осылай біліппем мен уақыт
Кеше ғана бәйшешек гүлдей едім
күнге қарап көктемде күлген едім
бүгін мүлде өзгеше күйге енемін шіркін
жайқалады гүлзары көңілімнің
мен -қазақтын қызымын, келінімін
мен елімнің ертеңгі сенімімін мүмкін
Жаңаша боп туады жанған күнім
аспанында арманның самғап жүрмін
ақ некелі жарыма арнаулымын мәңгі
жарық қылып жер бетін нұр сәулемен
қырық шырақтан құралған құрсау денем
бесігімді тербетем шырқауменен әнді
Мен әйелмін әлемнің анасымын
үміт жеңген кей кезде жан ашуын
күлкісі- күн, тәні- нұр санасы мұң менмін
Нәзікпін мен сол үшін айыптымын
ғажап түске боядым ғайып түнін
не десеңде бақытқа лайықтымын сендім


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-