Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Канат Досан - Арналады әнім (2016) | Текст песни

Күннен сұрап,
Айдан сұрап,
Жауабы жоқ қайран сұрақ.
Өзің дейтін,
Көз ілмейтін кездер-ай.
Аңсаттырып,
Шаршаттырып,
Арамызды алшақ қылып.
Қамығатын,
Сағынатын сөздер-ай.

Қайырмасы:
Алдасаң да,
Арбасаң да,
Таңдасаң да басқаны сен жаным.
Қалмасаң да,
Әрқашанда,
Арналады енді әнім.

Жалғыз қалып қойма жаным,
Ойыма алып, ойланамын.
Гүлге толған,
Бірге болған өткенді.
Жалғыздықты жамылғанда,
Есіңе алшы сағынғанда.
Күз қорыққан,
Біз жолыққан көктемді.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-