Мариям Жагорқызының əні
Мариям Жагор деген орыс қызы
Он алты, он жетіге - келген кезі
Қазаққа Дудар деген ғашық болып
Сондағы Мариямның айтқан сөзі
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Дудар-ай, ақ боз атты жемдедің бе
Жеріңе уағда айтқан келмедің бе?
Жеріңе уағда айтқан келмей қалып
Мариям заты орыс деп сенбедің бе?
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Ащыкөл, Тұщыкөлдің арасы бір
Басыңа камшат бөрік жарасып жүр
Дудар-ай, келер болсаң тезірек кел
Орныңа өңкей жаман таласып жүр
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Қолында Мариямның өткір қайшы
Қағазға Мариям аты жазылсайшы
Қор болып бір жаманға кеткенімше
Алдымнан қазулы көр табылсайшы!
Дударари-дудым
Бір сен үшін тудым!
Шіркін-ай, Дудари-ри-дудым!
Другие названия этого текста
- Казашка - Дудар-ай (1)
- Әмре Қашаубай - Дудар-ай (1)
- CHICK FLICK - Дударай (1)
- Қазақтың халық әні Алибек Днишев - Дударай (1)
- Айсулу Койшинова - Дудар-ай (1)
- Қазақтың халық әні - Дударай (1)
- Керимов Галымжан - Дударай (0)
- Мәдина Садуақасова - Дударай (0)
- Мариям Жагоркызы - Дударай (в неизвестном исполнении) (0)
- /Мариям Жабор/ - Дударай (0)
- Таскын - Дударай (0)
- MEZZO - Dudarai (Concert 27 June) (0)
- Жамиля Ошакбаева - Дударай (0)
- Бауржан Бимаханов - Дударай (0)
- В неизвестном исполнении - Дударай (0)
- Казахская народная песня - Дударай (0)
- Жубаныш Жексенулы - Дудар-ай (0)
- iFLY - Дударай (0)
- Айсулу Койшинова - Дударай (0)
- Казакша - дударай (0)
- Нұрлан Өнербаев - Дудар-ай.(Халық әні) (0)
- Нуржан Халжан - Дудар-ай (0)
- Таскын - Дударай ТС (0)
- ән - қытай қазағы (0)
- Амре Кашаубаев - Дударай (0)
- Халык ани - Дудар-ай (0)
- Anel' - Дударай (0)
- Әмре Кашаубаев - Дударай (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1