Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Жақсы адам) - Уәде беремін | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Уәде беремін

Былай бастайын тағы: екеуміз жүрміз сөйлесіп,
Түсіме кіре беретін үйленген тойдың елесі.
Сенімен дайын жүрдім тастауға арманым-белесті,
Өмірімде сенен кейін сәби сүйсем екен келесі.
Мен сенің арманыңдағы жігіт емеспін, білсең,
Арттағы өмір үшін кел, бетімді тілем десең.
Өзгеремін, егер өзіме сол керек болса,
Есік ашық, кете бер шынында шаршатып жатсам.
Болды, қумаймын қазыны, маған уакыт қымбат,
Неге бара сенің түрің болып барады жұмбақ.
Сұлулардың арасынан жалғыз өзіңді таңдап,
Есімде, мен емес дегенің лактыратын адам.
Қайда сол бір қыз бағатын алтын әке-шешемді,
Қайда сол бір қыз көрсететін туған бөпемді?
Қайда сол бір қыз жазатын махаббаттан өкпемді,
Қайда сол бір қыз қойдыратын өзгелерге нүктемді?

Қ-сы: (х2)
Уәде берем қасыңда мәңгі бақи болуға,
Өмірден соқса суык, қалдырмай бірге тоңуға.
Төнкерем әлемді, кемпір, егер маған сенсең,
Өзгемен орамал тағып бақытты болшы, көкем.

Қазір жүрмін ақша тауып бүгінгі өміріме,
Сенің әдемі түрің жоқ жағымды көңіліме.
Менің сүйгенім рас өзіңді жүрегіммен,
Тәңірден сұрағаным айырма деп, тілегім – сен.
Жыныңа тиіп бостан бос мыжығым келмейді,
Менің айтқан бір сөзіме бәрібір де сенбейсің.
Тек суреттеріңе қарап санадым тойдың уақытын,
Уақытша боп табылған ғо мәңгі деген бақытым.
Кешір, мен көп боқтасам да, көзқарасым дұрыс,
Мінездің нәтижесінен бе арадағы ұрыс.
Әңгімеден қашасың тұтқаны қойып тастап,
Не затқа үміттендім сенімен өмір бастап?
Музыкам бар ішімде мені дұрыстап тыңдайтын,
Қиын жағдайлар болса, бірге жүріп сынбайтын.
Мен емес жалғыз сағынатын сені, анам да бар,
Күтіп жүр болмайтын тойды аспаннан түскенде қар.

Қ-сы: (х2)
Уәде берем қасыңда мәңгі бақи болуға,
Өмірден соқса суык, қалдырмай бірге тоңуға.
Төнкерем әлемді, кемпір, егер маған сенсең,
Өзгемен орамал тағып бақытты болшы, көкем.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
    Нет видео
    -