Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Дос-Мұқасан және Құрманай Омарова - Жанарым | Текст песни

Сапар шексем алсықа
Сен жанымнан қалмайсың
Қиындықта қалыспай
Қиялымды жалғайсың
Мол бақыттың жайын да
Сырласумен айта алдық
Қарағай мен қайыңдай
Қатар тұрып жайқалдық

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның нұры - сен

Күндіз күлген күнімсің
Түнде туған айымсың
Жайнап тұрған гүлімсің
Ойға шомған қайыңсың
Домбыраға тағылған
Егіз шектей жұптастық
Үміт алда жағылған
Келешекке нық бастық

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның нұры - сен

Көзің сенің мөлдір көл
Тымық күйде жолықтым
Шарасынан сол бір көл
Төгілер деп қорықтым
Жаз орнатқан жаныма
Сәулем - сұлу сезімсің
Жарық күнді силаған
Жанарым да өзіңсің

Қайырмасы:
Сәулем, сәулем, сәулем
Кір шалмаған арымсың
Сезімдегі жалынсың
Басымдағы бағымсың
Домбыраның үні - сен
Жүрегімнің жыры - сен
Жанарымның нұры - сен

Другие названия этого текста
  • Курманай Омарова(Дос-Мукасан) - Жанарым (0)
  • Дос-Мұқасан және Құрманай Омарова - Жанарым (0)
  • Арна мен Арнау тобы - Саулем (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-