Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бибігүл Төлегенова - Гауһар тас | Текст песни

Халық әні

Ажарың ашық екен атқан тандай
Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай
Анаңнан сені тапқан айналайын
Күлім көз, оймақ ауыз, жазық маңдай

Беу-беу гауһар тас
Құсни, құрдас
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас

Ажарың ақ түлкідей қашқан құмнан
Шолпандай таң алдында жалғыз туған
Жылы су, қолда құман, қарда орамал
Жібекпен қызыл гәріс белін буған

Беу-беу гауһар тас
Құсни, құрдас
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас

Басасың аяғыңды ырғаң-ырғаң
Сылдырап шашбауың мен алтын сырғаң
Жай жүріп шаттанасың әсерленіп
Әсемсің жүйрік аттай мойнын бұрған

Беу-беу гауһар тас
Құсни, құрдас
Раушан жүзің көргенде
Сәулем-ау, сабырым қалмас

Другие названия этого текста
  • Бибігүл Төлегенова - Гауһартас (1)
  • Ақбота Керімбекова - Гауһар тас (0)
  • Бибігүл Төлегенова - Гауһар тас (0)
  • Бибігүл Төлегенова - Гаухартас (0)
  • Адильбек Жаниязов - Гаухар тас (0)
  • Квартет "ALMAZ" - Гаухартас (0)
  • Әділбай Жаниязов - Гаухартас (0)
  • Ақбота Керімбекова - Гауһар тас (0)
  • Бибигул Толеген - Гаухартас (0)
  • Бибигуль Тулегенова - Гаухартас (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-