Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Бекболат Тилеухан - Руханият | Текст песни

Жігітті жастық шақта еркі жеңер,
Сеніммен ұсталмаса сертің егер.
Аллаға құл, адамға ұл болу ғой
Намазға кеп түйіссе тең түзелер.
Ақын намаз оқыса Хақты танып,
Алдымен ауыздағы сөз түзелер.
Он күнәнің тоғызы тілден екен,
Сөз түзелсе иншаАлла ел түзелер.
Қазаққа иман иба қайтып келер
Табансыз емес елім тайқып берер
Иманды елге жұртымыз айналар ма?
Шіреніп жүрген кезде шарқып нелер.
Құдайдан қорықпайтын болды көп ел,
Жаратсада құлым деп артық көрер.
Алла діні ұстаның заты емес қой
Ұнамаса өзіне қайтып берер.

Бұл күні қай жағдаймен мақтанайық
Бүлдіргі көп діндерден сақтанайық
Түбім түрік, ал дінім хақ ислам,
Солай карай сеніммен аттанайық.

Харам менен халалды ажыратпай
Қай тірлікпен біз бүгін шаттанайық
Бұрынғының ұраны Аллаһу Әкбар
Бүгінгінің ұраны ап қояйық

Біз қазақ бұл кұндері кіммен доспыз
Адасып айдалада жүрген көшпіз.
Арабтың тіліндегі дінмен емес
Арақтың түбіндегі жынмен доспыз

Ұрылардың ұсағы түрмеде жүр
Ұрылардың үлкені мінбеде жүр
Байланысып шекпенді шенеунікпен
Кісі өлтірген бұл күні кірме де жүр
Ауыз айтып жүргенмен ақыл сенбес
İбілістің үлкені іргеде жүр

Өмірде аз болған соң иманды шақ
Қазағым қай кездеде қиналғыш-ақ
Исламға иіс алмас болсадағы
Егова Кришнаевқа иланғыш ақ
Сенімге селкеу түсіп жаңылған көп
Исаны Құдай көрген иван құсап
Өзге діңге көбейсе өтушілер
Сол болар тамырыңды қиған пышақ
Бір бірімізбен жатпайық қырылысып
Екі дінге айырылған Ливан құсап

Ислам дін емес қой қорек қылмас,
Казақтан ол ешқашан бөлек тұрмас.
Құдайды ойлап көрмеген құрметсіздер,
Оны ойлап өз халқына себеп кылмас
Қазанның қайнағанын аңдыйтындар
Азанның айдағанын керек қылмас.

Имансыз бұл қоғамда не істелмей жүр?
Ақша, пара қалғанын көз көрмей жүр.
Пайдасы өз басынан аспайтындар
Халықтың көз жасынан сескенбей жүр .
Бесіктен текті болып өспегендер,
Бес күндік екеніне дес бермей жүр.
Құранды сыйға тартсаң алмайтындар
Құдайдың бар екенін ескермей жүр

Өзгелер көп жүpгізер үстемді елге
Аллаға ғибадат аз істелгенде
Бұл қазаққа Ислам, иман керек ,
Кісі өлгенде немесе түс көргенде.
Неге ілім, білімге талпынбайды
Бәрін біліп тұрғандай іштен пенде.
Ертең бірақ өкініп қаламыз-ау
Қарттық келіп қасыңа түстенгенде.
Ажардан нұр, базардан құның кетіп,
Ажалдан адуынды күш келгенде.

Адамның таза болса ой дәптері
Ақылға ақиқат дін қонбақ тегі
Бір кезде Тұрғыт Озал намазға кеп
Тұрғанда ел көңілі толмаппа еді
Кешегі Димекеңде жұманы оқып
Шариғатты білген ғой бойлап те

Другие названия этого текста
  • Бекболат Тiлеухан - Руханият (0)
  • Бекболат Тилеухан - Руханият (0)
  • казакша уагыз - Руханиет (0)
  • Бекболат Тлеуханов - руханият (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
  • Бекболат Тілеухан - сақал жайлы Бекболат Тілеухан - сақал жайлы
    Бекболат Тілеухан ағамыз сақал жайында керемет айтыпты.... ... Руханият жағынан қазіргі билікке тимейтін жайттарға ғана араласа ...
  • Өз сөзім. Мұхтар Шаханов 25.12.2011 / kplustv Өз сөзім. Мұхтар Шаханов 25.12.2011 / kplustv
    Өз сөзім. Мұхтар Шаханов. "Руханият" партиясының рухани лидері, ақын Мұхтар Шахановтың Маңғыстау өңіріне сапары туралы өз ...
  • ЖАНАОЗЕН ЖЕЛТОКСАН ЖАНАОЗЕН ЖЕЛТОКСАН
    Нужно зарегистрировать «Алгу», допустить до выборов «Руханият» во главе с Серикжаном Мамбеталиным, КПК! Нужно провести ...
  • Дін және қоғам Дін және қоғам
    Дін және руханият - Duration: 54:26. by Шапагат Атырау 63 views ... Бекболат Тілеухан мен Дарын Мубаров | Бір анық ...
  • Сарыағаш аудандық "Сәт" телеарнасының жаңалықтарынан Сарыағаш аудандық "Сәт" телеарнасының жаңалықтарынан
    Бекболат Тілеухан - Сарыағаш медресесінің ашылу салтанатында - Duration : 13:43. by Серікбай Балтабаев 11,984 views. 13:43.