Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қарақат Әбілдина - Құлыншағым, Сөзін жазған Серікзат Дүйсенғазин, әні Медет Салықовтікі | Текст песни

Ерте, ерте, ертегім
Ертеден сыр шертемін
Еркелейсің тентегім,
Балапаным-ай!
Ертегідей өлкенің,
Келешегі, көркі едің
Өсе берсін өркенің,
Балапаным-ай!

Қайырмасы:
Құлыншағым-ай,ұрыншағым-ай
Желкілдейді желменен тұлымшағың-ай
Құлыншағым-ай, құлыншағым-ай!

Тәй-тәй бастың, талпындың,
Жанарыңда жарқын күн
Былдырлайсың бал тілдім
Балапаным-ай
Сынығындай алтынның
Үлгісі боп мәрт ұлдың
Батасын ал халқыңның
Балапаным-ай

Қайырмасы:
Ботақаным-ай қошақаным-ай
Ата берсін арайлап таң шапағың-ай
Ботақаным-ай, ботақаным-ай!

Ерте, ерте, ертегім
Еркелеген көркемім
Жығылмасын желкенің
Балапным-ай!
Тілекшіңмін мен сенің
Артам саған зор сенім.
Кіп-кішкентай бөлшегім
Балапаным-ай!

Қайырмасы:
Бұзық еркем-ай, қызық еркем-ай
Жарық болсын жан көкем, жүзің ертең-ай
Бұзық еркем-ай, қызық еркем-ай
Ұрыншағым-ай,
Құлыншағым-ай!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-