Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Қалжан Кемалов - Құдалар | Текст песни

Махаббаттың күшімен отау құрды жастарым
Екі елді құда қып біріктірді бастарын
Екі жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейік
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейік

Ойна, ойна, құдалар
Жастық шақты еске алып
Биле, биле, құдалар
Жүрмеңіздер кеш қалып

Отыр міне құдалар, құдағилар жиналып
Кел ортаға билейік, неге отырсыз қиналып?
Екі жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейік
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейік

Құда құда дегізген, құйрық, бауыр жегізген
Екі жастың арқасы бізді тойға келгізген
Екі жастың бақытына жақсы сөздер сөйлейік
Төрде отырған құдалар ортаға кел билейік

Другие названия этого текста
  • Қалжан Кемалов - Құдалар (0)
  • Той әндері 8 - Құдалар (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 4
Популярное сейчас
Видео
Нет видео
-