Өзгелерден дара туған,
Өр намыстан жаратылған.
Бабасының батырлығы,
Қан мен бойға таратылған.
Алатаудай Алашымның
Қаратаудай баласымын.
Қ-сы:
Қастерлі Алашымның,
Қорғаймын бар асылын.
Намысын қолдан бермес
Қазақтың баласымын!
Сом білекпен, өр жүрекпен,
Намыс туын желбіреткен.
Белдескеннің белін үзіп,
Егескенін еңіреткен.
Алатаудай Алашымның
Қайтпас қайсар баласымын.
Қ-сы:
Қастерлі Алашымның,
Қорғаймын бар асылын.
Намысын қолдан бермес
Қазақтың баласымын!
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 11