Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Айкын Толепбергенов & Al Nasr - Асылым | Текст песни

1.Көргім келеді сені,
Көздеріңнің жалыны арбап мені
Сені іздеймін,
Нәзік сезім арнап,
Махаббаттың балынан бір татсам деп едім
Кездестірмедім,

Қайырмасы:
Жарық берші жаныма келші жаным
Жанып тұршы күнімдей боп әр дайым
Жастығымның лала гүлін арнайын
Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым
Асылым, ғашығым
Айтшы маған ашығын
Қайдан іздеймін сені

2.Сыйлауға сен үшін
Сезімнің лапылдаған жалыны күшін
Шын жүректен
Жолығарын білем, іздей берем
Мәнгі саған сенем арман ақ құсым

Қайырмасы:
Жарық берші жаныма келші жаным (келші жаным)
Жанып тұршы күнімдей боп әр дайым(әр дайым)
Жастығымның лала гүлін арнайын (арнайын)
Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым
Асылым, ғашығым
Айтшы маған ашығын
Қайдан іздеймін сені

Al Nasr (G-HAD)
Ғашық оты жанған сәттен-ақ бізге мәлім
Бұл бір сезіміңді билеген жұмбақ әнім
Құшағыма басайын ұшарға тәнім дайын
Асылым қиратпа ғұмыр мәнін
Түн қараса да кейпіңді тербетеді
Жан сұлуы жаныңа ең керегі
Тауды ары асам бағытымнан жаңылмасам
Дара жұп қосылар егер соны қаласаң

Қайырмасы:
Жарық берші жаныма келші жаным (жаныма келші жаным)
Жанып тұршы күнімдей боп әр дайым (алтыным,асылым)
Жастығымның лала гүлін арнайын
Жанымда жүр жазғы түнгі айдайым (асылым, ғашығым-ай жасырмай ашығын айт)
Асылым, ғашығым
Айтшы маған ашығын
Қайдан іздеймін сені (нәзіктікті бағып білетін сырымысын)
Асылым, ғашығым
Айтшы маған ғашығым (алтыным,ғашығым,асылым)
Қайдан іздеймін сені

Al Nasr (G-HAD)
Карашадай ерітеді жеті қар үстінде
Мамық жібекті төсеп, түймені үзді түнде
Буы тартты катты, ерініде тәтті
Ләззаттық сезім кетпей, нәзіктік жұпартты
Бейнеңе көз қарап, өршиді жүрек тағы
Бір болып құйылғандай, жалғасын сұратады
Сырғасы, шаш, мойын, сүйгені тұла бойын
Жаулайды шабыт сезім, білгенге ұлы ойын


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-