Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Айгерим Калаубаева & Ерболат Толегенов - Кудаша - Құдаша кыз | Текст песни

Келші, келші, бермен келші,құдаша,
Бір сөз айтам көңіліңе ұнаса.
«Кетші әрмен» деп ұрса ма деп зәрем жоқ,
Не де болса шығып кетші оңаша.

Құда бала айналайын абайла
Біздей қыздар оңайлықпен қарай ма
Көңілімді тапқың келсе егер де
Алдыменен арықташы жарай ма?

Ыхыхых Дедім-дағы қысып қалдым көзімді,
Жерге тастап кете ме деп сөзімді.
Елжіреген жас жүректе зәре жоқ,
Сабыр ет деп тоқтатамын өзімді.

Қайта-қайта қыса берме көзіңді
Жігіт деген болу керек төзімді
Басың барда мойының жоқ қайтейін
Допқа ғана ұқсатамын өзіңді

Құдаша қыз қарынымыз шүйелмек
Көріп тұрсыз жан емеспін күйім жоқ
Қарынымда қиым болса қаншалық
Басымда да соншалықты миым көп

Құда бала сөйлесеңші ойлана
Семіздікті көтереді қой ғана
Дәмесі бар дәрмені жоқ жігіттің
Ойланбастан отты басып ойнама

-Құдаша қыз еркелейсің балаша
-Құда бала өкпелеме сен аса
-Екеуміздің әзіліміз жараса
-Жүрейікші бұл өмірде тамаша


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-