Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ZHan Bull (Bai MG) - Мазалайтын сурак | Baiterek.info | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

ZHan Bull (Bai MG) – Мазалайтын сұрақ

Есейгенімнен бері мені бір сұрақ мазалайды
Тақырып менімше қиын ал қолым өтірікті жаза алмайды
Неге қызбен жігіт құмарлық үшін қаншама сөзді қазалайды
Сол құмарлықтары біткен соң махаббат жоқ деп насихаттайды

Махаббат бар оны бізді жаратқандай Раббымыз жасаған
Ол сенің ми не пәленшеңде емес жүрегіңде орналасқан
Қатал өмір деп тағдырға сен өз қатеңді жаппа
Шынайы жұбыңды тапқың келсе қаралы дүниәи ойыңды таста

Әйел заты негізі осы жалған дүниеге жақын
Бәрі емес көбінің ойы сүрсем дейді осы фәниде жарқын
Естеріңізде болса Хауа анамыз шайтан лағниетті тыңдады жеңе алмай нәпсісін
Содан бері ау кей әйел құлы болғанын өз нәпсісінің

Қарындас не құрбым менің ұнатқан жігіттің қалтасына қарамасаң
Таң ертең ерте смсте намазды өткізіп алмаңыз деп қарайлассаң
Жалпы қоғамдағы беделіне қарамай жасаған амалдарына қарасаң
Нағыз жәннәти сен боласың одан қалыспай намазыңды оқысаң

Мені осы мәселелер біраз мазалайды
Осындағы қара кейіпкерлерді Раббым жазалайды
Қазақтарым шатассаң адаспа біздің дін Хақ ислам
Бесеу болмаса да төртеуін орындаған бұл нағыз мұсылман

Түсінбеген заттарым көп алайда тақырыптан ұзамайын
Талай жігіт көрдім менсінбейді өмір сүргенді қарапайым
Жоспары асқар таудай ал арманы алсам ғой дейді қызын байдың
Неге еңбек етіп несібеңе шүкіршілік деп бақытты өмір сүрмеске солай әрдайым

Қазақ бауырым шатассаң адаспа біздің дін Мұхаммет әкелген ислам ғой
Қаралы ойласаң қалдырмайды ешқашан ол харам ой
Ер бауырым егер сенікіме қоса жұбыңның жүрегі Құдай деп соқса
Ол исламның тең жартысын білгенмен тең ғой

Мені осы мәселелер біраз мазалайды
Осындағы қара кейіпкерлерді Раббым жазалайды
Қазақтарым шатассаң адаспа біздің дін Хақ ислам
Бесеу болмаса да төртеуін орындаған бұл нағыз мұсылман


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-