Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

ZHan Bull (Bai MG) - Екеумiзге не керек | Baiterek.info | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

ZHan Bull (Bai MG) – Екеумізге не керек

Айтшы жаным, екеумізге нақты не керегін
Біз бірге емеспіз, бір болармыз деп сенемін
Менің қиялымда қалқыдың, құс секілді
Қандай сөз саған айтайын, жүрегіңе жетімді.
Көзден аққан жасқа, сені сендіру қиын
Ашып айтқанда қиындау менің күйім
Сен неге түсінбейсің, жүрегімнің қиналғанын
Сенен басқа сүйіктім, жоқ қой менің арманым
Қолдағы бір бақытты, оралмасқа ұшырып
Айрылдым мен өзіңнен, өзіңмен бірге жүріп
Шексіз алғыс саған айтам. Кінәләудің орнына
Сені келер деумен, қарайлаймын жолыңа
Сен болдың алғашқы, жүрегімнің иесі
Үмітпенен атқызамын, таңымды мен келесі.
Түн болды жүректің екінші бір келбеті,
Өзіңсіз тарылады, мына маған жер беті.

Арманым бірге әрбір қадам болғаны
Дұрыс түсіне алмадым не сенің қалауың
Бәлкім мен сен үшін сауық болғаным
Алайда, ұмытпа сен менің арманым

Білесің бе, менде де жүрек бар ұмытпа
Жәбірленеді сенсіз, тоңады ол суыққа.
Сол суықты қолдан жасаған өзің
Бәріне төзетін, менде қалмады төзім
Сүйем деген сөзің, санамдa сандырақтады
Арманға ұмтылдым, қол жетпейтін жырақтағы
Менің жағдайымды, сөз салмақтап жеткізбейді
Сонда да кеудемде, жарық үмітін үзбейді
Бір ұғынғаным, бұл махаббат жауапсыз
Кеудемді тесіп өттің, құттықтаймын, садақсыз
Бір ұғынғаным, бұл махаббат жауапсыз
Кеудемді тесіп өттің, құттықтаймын, садақсыз
Сен болдың ойымның, тұңғыйық бір тереңі
Тыңдашы өтінемін, бұл жан жүректің өлеңі
Сен болдың ойымның, тұңғыйық бір тереңі
Тыңдашы өтінемін, бұл жан жүректің өлеңі


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-