Барады аулым көшіп Қызылжарға,
Таң атар, шолпан туып, сызылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Осы әнге тамылжытып сала берем,
Көңілім өзіңді ойлап бұзылғанда, Көзіңнің мөлдірін ай.
Қайырмасы:
Құландай жүйрік майда жал-ай,
бар ма екен біздей ынтызар-ай,
Ішінде топ қарағай уәделескен, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ел алды қарайғанда қамыс қалды
Ауылы қалқатайдың алыс қалды, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ауылға алыс қалған қарай-қарай
Қайрылып қаршығадай мойным талды, Көзіңнің мөлдірін-ай
қ-сы
Ұшады аққу көлден қайраңдаған
Дариға, өткен өмір айналмаған, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Ауылға алыс кеткен, қимас қалқа
Жүзіңді сағындым ғой жайраңдаған, Көзіңнің мөлдірін-ай.
Другие названия этого текста
- Орда тобы - Көзіңнің мөлдірін-ай (1)
- Гүлхан Сіргебаева және Дәулет Болатбаев - Көзіннің мөлдірін-ай (1)
- Qazaqtıň halıq əni - Közıňnıň möldirin-ay (0)
- Назия Муратбек - Көзіңнің мөлдірін-ай(минус) (0)
- Абай - Көзіңнің мөлдірін-ай (0)
- ♥♥♥Ulzhanka♥♥Nurken4ik♥♥♥Қазақтың халық әні - Көзіңнің мөлдірін-ай (0)
- Мадина Садуақасова - Көзіңнің мөлдірің-ай (0)
- Daulet &Gulhan - Kozinnin moldirin-ai)))))))))) (0)
- Қазақтың халық әні - Көзіңнің мөлдірін-ай (0)
- Qazaqtıň halıq əni - Közıňnıň möldirin-ay (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1