Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

TIMMY DIGGLE - Келістік пе? | Текст песни

Біздің болашаққа айтшы сенеді кім әлі?
Махаббат екі жақты, бірақ бізде сен едің кінәлі.
Бітті әлім, айтшы кім өмір сүру туралы саған берді тәлім?
Сен өзгерген сәтте - өзгерді әнім.
Не деген бітпейтін эмоция, қанша шығарсам да -
Тең емес әттең нөлге санды көбейткенде шығар санға.
Өтінем жүрегіме \"қайғырма\" деген шығар заңды,
Бірақ тыңдамайды, кезінде сатылды ол, шын, арзанға.
Салсам айтқаныңа зер - пайда болад(ы) мынандай әсер:
\"Сен сезім үшін күрестің, шыдадың мұңға әзер\" -
Өз өзіңді алдама тек, мені қоя бер мейлі,
Тараса да қанша өсек - мүлдем ойға кірмейді.
Тәккаппарлығыңды тастап ақылға жеңістік бер,
Кезінде тыңдамадың бұны, енді жетістік пе?!
Іздесең бақытты - ізде, бірақ мендік кеңістікке
Бұрма енді бетіңді келешекте, келістік пе?

Сағынам деме мені тек, сен үздікпе,
Іздемеуге де амал тап, келістік пе?
Келістік пе ұмытуға бәрін өткен елес деп?
Қайтарамын деп ойлама, келістік пе?

Астана мен Теміртау қаласының жақындаттық біршама арасын,
Сол кезде неге ешкім болмады наразы?
Біте қоймады әлі сен дегенде жүректің аразы,
Сапасыз сезімдерден құрылды біздің махаббатың мұнарасы.
Енді кім білед,
Қашан біреуге назар аударамын сүйкімді деп?
Естен шығарсам болды біз танысқан күнді тек,
Сол кезде көңілді қараңғылаған түн бітед(і).
Мен ойламап едім мүлде мұндай болад(ы) деп өмірде,
Оңтайлы ертегі бірден бітті, беріп демін ілген.
Сен тек менің естелігім бақытсыз,
Енді сен мендегі жолдан өзге бағыт сыз.
Тәккаппарлығыңды тастап ақылға жеңістік бер,
Кезінде тыңдамадың бұны, енді жетістік пе?!
Іздесең бақытты - ізде, бірақ мендік кеңістікке
Бұрма енді бетіңді келешекте, келістік пе?!

Сағынам деме мені тек, сен үздікпе,
Іздемеуге де амал тап, келістік пе?
Келістік пе ұмытуға бәрін өткен елес деп?
Қайтарамын деп ойлама, келістік пе?

Тәккаппарлығыңды тастап ақылға жеңістік бер,
Кезінде тыңдамадың бұны, енді жетістік пе?!
Іздесең бақытты - ізде, бірақ мендік кеңістікке
Бұрма енді бетіңді келешекте, келістік пе?!

Сағынам деме мені тек, сен үздікпе,
Іздемеуге де амал тап, келістік пе?
Келістік пе ұмытуға бәрін өткен елес деп?
Қайтарамын деп ойлама, келістік пе?

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-