Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

TIMMY DIGGLE - БІЛІМ МЕН БІЛЕК | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

https://vk.com/k.kuralbek

Көзқарастар саны шексіз, әрі тұрақты емес
Пікірдің қайсысы болар келер ұрпаққа кеңес
Әр үйдің салты басқа десек те ұлына әке
Келіссөзден аттап күшпен көм топыраққа демес
Білім өткір болса ешкім қарсы найзасын қайрамас
Көм үміт артқан білегіне - санасы қайраң мас
Мендегі көзқарас - күш әділдіктің арнасын бұрады
Сонда да білім білектен бір саты биік тұрады
Заманның талабы - сапалы білім
Білегім емес - қауіпті қаруым - қызыл тілім
"Қос білектің иесі бола алса ақыл иесі" -
Бұны өсиет еткен әлемдегі барша ілім.
Аталық сөз әрқашан елдің ең асыл мұрасы
Сол себепті сол сөзден қайда асып барасың?
Еліме күн туса - білегім дайын
Сынбаса жермен теңесіп ойымның мұнарасы.

Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Осы сөздің мағынасы
Бәріне мәлім шығар.

Бұл өмірде жігіттің басына не келіп кетпейді
Алайда жұдырығын Төле Би секілді етпейді
Санаң жауыңның ашық жарасына тұзды сеп дейді
Бірақ ақылмен келген шешімге ештеңе жетпейді.
Білектің күшін бағытта елдің қорғанысына
Және де қауіп төнсе отбасың мен туысыңа
Бәйгеге түс мықты болсаң еліңнің туын көтер
Білімің болса білекті игі істерге жұмса!
Астарын тап айтылған сөздерін, енді өзің үшін ақылмен бітімге кел:
"Өткірле БІЛІМДІ себебі өзіңдей жастарға үмітін артады ел
Шынықтыр БІЛЕКТІ, бірақ та күшіңді көрсетпе өзіңнен әлсіздерге".
Мен үшін мақтаныш егерде сәл болсын пайда әкелсе осы ән сіздерге...

Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
Осы сөздің мағынасы
Бәріне мәлім шығар.


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-