Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

TB [GOLD REC] - Баттл 9 – Раунд 3 | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

TB - OQHHB9_R3 [mixed.by G-Mc]

Сендегі бар қылықтарды өнер деп есептесек
Жалпы сенің өнерлерің шешілмеген қиын есеп
Секілді, маған қарсы жасайтындай әр істерін
Қанша жерден қолдансам да махаббаттың әдістерін

Көрсетпей көмек күшін, жалықпаймын мені түсін
Мен үшін тек сенің бейнең әдемі, сұлу мүсін
Мен сірә таң қаламын кіп-кішкентай ана бойда
Маған қарсы өнерлерің сыйды екен қалай бойға

Тұтқаны тағы қойма хабарлассам сағынғаннан
Шынында айтпағанмын "ЖАНЫМ" деп әлі саған
Амалы тағы табам(ын) сылтауратып кездесудің
Шақырсаң тек мен барамын суығына мына күннің

Қарамастан, қарлы қыспен жағаласқан бұл сезімді
Баттлдағы бар жазарым сезімімнен тек үзінді
Әдемі сол жүзіңді, күлкінішті келбетіңді
Тамсанумен күн өтуде қараумен тек суретіңді

Білмеймін мен не істерімді маған тіпті сенбегесін
Сенуің де қиын болар бұрын жүріп көрмегесін
Бірақ та мендегі бұл бар шынайы сезімімді
Өтті енді қанша уақыт сезінетін кезің келді

Күтер бәлкім бізді бақыт білмейсің ғой болашақты
Әлемдегі жалғыз қыздай өзіншелік сенде қатты
Қоясың маған матты әр күн, әр жол сайын
Саған арнап жазылатын сөз ұйқасы менде дайын

Ішпегендей түскі шайын сен үшін деп бас ауырып
Ақтөбенің сансыз қызы арасынан сені тауып
Не үшін сонда бәрі? сен үшін мен кіммін әлі?
Сендегі жоқ сезіміңе емеспін ғой мен кінәлі

Құрбыларың сұрап бәрі ақпаратты мен жайында
Көрсететін жаман қылып бұрыс жағын сен дайында
Жазылған қыс айында тыңдасаң сен өлеңімді
Сондағы тек бар айтарым таста ондай өнеріңді...


Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-