Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

S A I D - Дос анам | #KRP | Текст песни

1. Қасымда кейде бар кейде жоқ достардан шаршадым,
Арам болып барад(ы) заман емес адамдарың қазір.
Пайдаланады бір бірін ақшамен мал мүлік сатып,
Дос деген қатайып тұру керек қасыңда қалып.

Үш әріп терең мағына әке, ана, дос.
Шыныңды айтшы олар болмаса өмірің бос па?
Жанымды жегідей жейтін әкені сызып таста,
Құрысын бәрі, анашым сен күліп баста.

Саған ащы шындық достарымнан анашым артық,
Қиын жағдайға қалғанда тастамайды менен қашып,
Кез келген жағдайда шығарады барлық күшін салып,
Мен соған еркелеп жүрмін көңіліне мұң салып.

Әр өткен уақытты бағала қолыңдағы барды,
Арттағы өмірге қарама, ол артыңда қалды.
Жанарың жасаураса, тек қуаныштан болсын!
Анамыз мәңгі жасасын анамыз бақытты болсын!

Қайырмасы:
Ана деген жәннәтің бір бөлігі жүректегі!!!
Әрбір анаға бақыт періште жер бетіндегі!!!
Анашым мұңаймашы сен тек қана күлімде!!!
Сен менің барымсың тіпті аспандағы күнімде!!!

2. Біреулерге байлық десе, ақаша көрінер көзіне,
Жетімдерге байлық десе, ана көрінер көзіне,
Мүгедек жандардың қасында сенің денің сау.
Кескілеме қолыңды оданда бер соларға бауыр.

Анама бір шоқ гүлді сыйлауғада жарамадым,
Осы ісіммен қалай еркекпін деп мақтанамын.
Сізге іштей басымды исемде мәңгі қарыздармын,
Анашым қайда болсаңда мен сенің қасыңдамын.

Сені ойламай өткен күндерің бәрін қарғыс атсын,
Өмір қиын екен жүзе алмадым ағысы қатты.
Мына тіршілік қызығы жоқ, адамды шаршатты,
Жалтақтап жүріп жаман жаққа, басымды тарттым.

Құлыншағым деп еркелеткен бала 18 де,
Басымды ием анашым сіздің еңбегіңізге.
Жанарың жасаураса, тек қуаныштан болсын!
Анамыз мәңгі жасасын анамыз бақытты болсын!

Қайырмасы:
Ана деген жәннәтің бір бөлігі жүректегі!!!
Әрбір анаға бақыт періште жер бетіндегі!!!
Анашым мұңаймашы сен тек қана күлімде!!!
Сен менің барымсың тіпті аспандағы күнімде!!!

Другие названия этого текста
  • S A I D - Дос анам (2o16) (0)
  • S A I D - Дос анам | #KRP (0)
  • S A I D - Дос анам (0)
  • S A I D - Дос анам - Минусовка (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-