QARAKESEK ft Tentek mC - Кеш ендi [KZ Sound] текст песни


жаның жаралы болса, жұбаныш болсын бұл əнім, Келмейді қолымнан басқасы, кешір, осы жерге жетті əлім. Кешегі түндер оралмайды, оралса, қане, Мен енді үміт етпейм, бітемін осы əнмен. Шүкір, жағдайым жаман емес, Сен мені ұмытты деген сөздер қазір қаралы хабар емес. Сонда да бір нəрсеге көзім жеткені - Мен сені ғана сүйген екенмін, саған ертегі. Иə, сағынып қалыппын, нəзік саусақтарыңды, Мына менде жүрек бар, жаным қақсатпа оны. Тұла-бойымды билейтін иісі мойыныңның, Өзгеден таба алмадым, ыстығын қойыныңның. Өрт болып барамын, ішке бір градустар тарады, Сыңғырлаған дауысыңды кейде естіп те қаламын. Сен маған, мен саған туылмадық бір жаралып, Мені мас қылатын, жазатын сенсің маралым.

Қ-сы: (х2)
Бәрі де кеш енді, өткен күндер елес кешегі,
Мен талпынамын бақытыма ертеңгі.
Біздің сезім болды ғой екеумізге де ертегі,
Мен бәрінен шаршадым, күтпеймін көктемді енді.

Білесің бе, сені ойлаумен менің әр таңым ататынын,
Білесің, қызғаншақпын, қызғаншақ боп баратынмын.
Неге деген сұрақты қоймашы, өтініш, маған,
Сенесің бе, кейде өзімді өзім түсінбей қалам.
Өзгенің бақыты болсаң да, мен сені шын сүйемін,
Неге олай болып қалғанын мен де түсінбеймін.
Өкінбеймін, сүйгенім айыпты емес,
Сен де мені сүйетін күндер, қане, келсе екен тез.
Жаралы жанның әні, сен оны түсінесің бе,
Бәріменен дайын тұрмын сеніменен жүздесуге.
Мүмкіндік болса егер, сенен соңғы өтінішім,
Саған соңғы сұрағым, соған жетеді ме күшім?
Сені ойлайтын жігіт біреу болса, ол да – мен,
Арманыма жете алмадым, неге, көздеген?
Сұрақтарым көп ішімде қоя алмаған өзіңе,
Мен сенімен болар едім қайтқанда уақыт ізіне.

Қ-сы: (х2)
Бәрі де кеш енді, өткен күндер елес кешегі,
Мен талпынамын бақытыма ертеңгі.
Біздің сезім болды ғой екеумізге де ертегі,
Мен бәрінен шаршадым, күтпеймін көктемді енді.
Другие тексты песен "QARAKESEK ft Tentek mC "


Как вам текст?



Права на тексты песен, переводы принадлежат их авторам. Все тексты и переводы представлены для ознакомления.
song5.ru - Тексты песен | Новые | Популярные | Карта сайта