Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

QARAKESEK (Deny So Lahr) - Жалған ба??? (feat.ArXaT) | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Кешегі өткен күндердің бәрі сәтті емес,
Сәтсіздіктен де, жаным, іздеймін тәтті елес.
Сағыныш деген ғажайып ғұмыр кешемін,
Жетуге саған амалым болмай әттең-ай. (әттең)
Бұлыңғыр тартты бұлтты күн де тым баяу,
Өтпейді, өтсе отырам түнде оймен ояу.
Сары уайымменен сарғаюменен
Күн кешем неге?
Санама менің сіңіп барады
Өмір бойы-ау.
Мойындамай махббаттың бізге қажетін,
Қапелімде қақ жарылды жолымыз.
Түтін шығады, жүрек сорлы қалып жетім,
Ұғынбадық, түсінбедік соны біз.
Кетсе де мейлі аспанның асты тарылып,
Шәруең қурап тәтті елес сені сағынып.
Қанатын терген қара түндерден іздеймін сені,
Іздеймін анау аспанға сансыз ұшам әлі.

Қ-сы: (х2)
Жалған ба өмір сені менімен қоспаған,
Ғашық жандар әлемінде орын бізге табылмаған.
Өзіңді аңсап өтеді өмір арпалыспен,
Сағындым сені, себебі сүйемін сені мен.

Уайыммен өткен күн болып қалды сағымдай,
Шаршадым, болдым мен сенікін де ойлай.
Қараңғы түнек сен деп жатқан жүректе,
Қатігезбін енді мен, маған болды мән берме.
Өз-өзіме орын таппай жүрмін жер бетінде,
Сүйген жүрек айналды тас жүрекке.
Бағаламай барымда мен айналдым сағымға,
Өтінем, маған енді жолама.
Мен де сені мазаламайм, «жек көрем» деп айтсаң да.
Енді сені жақтырмайм, болды, болды, кетемін ғайып.
Жылаумен өтсе де өмірім, кезінде мені бағаламай,
Не айтып кеттің, сүйемін сені баяғыдай, тіпті қаттырақ,
Көргенде кетеді жүрегім менің шыдамай, жүрек ақымақ.
Сүйемін сені өлердей, бірақ тағдыр бізді қоспайды,
Бұл өмірде бір болмасақ та, келесісінде деп ойлайм.
Келесісінде деп ойлайм.

Қ-сы: (х2)
Жалған ба өмір сені менімен қоспаған,
Ғашық жандар әлемінде орын бізге табылмаған.
Өзіңді аңсап өтеді өмір арпалыспен,
Сағындым сені, себебі сүйемін сені мен.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-