Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

NeiDL x QaraKesek x KillJOY - Сезімдер жоғалды #38 | Текст песни

Кетші бар, бар, сезімім бара-бар,
Сенің үніңнен гөрі жағымдырақ барабан.
Өкініп қараған көзбен қарама маған,
Сезімім біреудің алдында таралмаған.
Е-е, не дейсің енді маған,
Осыншама қателікті істеуді өзің қалаған.
Бақытыма балаған, жүрек тек оны қалаған,
Осындай адам бүгін бос кеңістікке тастаған.
Қасымнан бір тарт, жүректе бос құлып бар,
Көгімде бұлттар есігімді құлыптар.
Достарың іші тар, сезімді көре алмағандар,
Мен сияқты саған бақыт сыйлайтындар болмаған.
Қорланған сезіміңді қалпына келтіру оңай ма,
Осындай суық күнде жылусыз ол тоңбай ма?
Кешегі сөз қайда, теңегенім мен айға,
Биік құздан домалап түскендей болдым мен сайға.
Енді көңілімді аулайм деп әуре болма,
Маған деген пәк сезіміңнің аяғы сол ма?
Енді отыршы деймін жастығыңа жас ұрмай,
Өмірімде сен жоқсың, айта аламын жасырмай.

Қ-сы:
Сөздер бос айтылған, сезімдер жоғалды,
Екі жаққа кететін енді жол қалды.
Арамыз алшақтады осы күні,
Екі арадағы сезім айналды күлге.

Мазаны бос алмағын, мен мазаламайм,
Мен мазаңды алмайм, өткенді қазбаламайм.
Ия, тек құлақ салшы бір сәт сөздеріме,
Мен айтам да кетем, сен үндеме.
Жанымда қалған жара асқынып барады,
Менің бұл махаббат күткенім бұл емес еді, енді не болады?
Сен сияқты бәрін ұмытып кете алмай қалып қойдым,
Алысып келем мен әлі бітпейтін, болмайтын оймен.
Не күтесің, түсінбедім, өзің де түсінбедің,
Сен ойлаған жағажай менің түсім еді.
Жалыққан шығарсың, біщ жаяу жүретін едік,
Көлік кімде – сен сондасың, көлік алу керек еді.
Мен тұра алам, мен үшін алаң болма,
Мен ұмытам сені, басқа амалым бар ма?
Жолымды бөлдім сенен жүректің қалауынсыз,
Жүрек айыптайды, ал мен қалам үнсіз.

Қ-сы:
Сөздер бос айтылған, сезімдер жоғалды,
Екі жаққа кететін енді жол қалды.
Арамыз алшақтады осы күні,
Екі арадағы сезім айналды күлге.

Қалғанда үміт үзіліп қадамнан үміт үзбе,
Сен үшін ұмытылып қалсам да, келермін есіңе күзде.
Сенің есіңде ме қалауың, күні-түні қоңырау шалғаным,
Болмайды жалғасы, білесің сезімнің жалғанын.
Соны саған білдіру үшін өлеңдер жазып жатырм,
Қыстың салқын кезінде бір болып айналамыз жаз болатын.
Сұлулығың рөл ойнамайды, болмаса таза дүниең,
Мен тербететін енді тыныштық табарсың кімнен?
Тыңда, соңғы рет тыңдағың келмеді,
Басқалар артыңнан жүгіргенде мен жай ғана қадаммен келдім.
Маған сенің бергенің не, ұмытыппын расында,
Ия, мен де сөзімде тұрмадығ бола алмай сенің қасыңда.
Сені Айға теңейтін ем, қалғандарын жұлдызға санап,
Сонау ақпан аясында «Сүйемін» деп айтқан ем саған.
Уақытымыз өтті, қайтарылмайды,

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-