Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Mc Aibo & Mc Waxan - Ардағым [vocal by Merbolat] | Текст песни

Pesni.guru - сайт для Гуру

Ардағым, өзіңді мен таңдадым,
Жүрегіме оралшы, сенсіз атпас таңдарым.
Самғадым ойлаудан еш талмадым,
Жырақтамашы менен, бір өзіңсің арманым.

Көңілге қырау, жүзіме мұң сепкелі,
Өмірге мынау, өкінішпен беттедім.
Махаббаттың беттерін, достықпенен шектедім,
Таңғажайып елесің, ойымнан еш кетпеді
Өткіздім талай, ғашық болған сезімді
Жеткіздім қалай, жалғыздыққа өзімді?
Селдіреткен сезімді, сол бір қатал кезіңді
Ұмыта алмай сан қинадым төзімді

Ардағым, өзіңді мен таңдадым,
Жүрегіме оралшы, сенсіз атпас таңдарым.
Самғадым ойлаудан еш талмадым,
Жырақтамашы менен, бір өзіңсің арманым.

Жымыңдайсың жұлдыздардай жадырайды жанарың,
Жараланған жүрегімді жырларыммен жамадым.
Жүрегім жүдеу, жарығы жоқ жаным жабырқаулы,
Жұмыр жердің жүрегінен жаратылған жамалым.
Жақындауға жасқанам, жаңбырмен жуылып жанарым,
Жолықтырсам, жүздессем жалындаймын, жанамын.
Жуытпай жолыңа жағамнан жырақтағасын,
Жиі жұбатамын, жүректің жолын жабамын.

Ардағым, өзіңді мен таңдадым,
Жүрегіме оралшы, сенсіз атпас таңдарым.
Самғадым ойлаудан еш талмадым,
Жырақтамашы менен, бір өзіңсің арманым.

Қылықтым сені, жиі ойлаймын сағыныштан,
Ұмыттың мені, жүрегімді алып-ұшқан.
Сезімнен жаңылысқан, жанарыңнан жалын құшқан,
Іздеумен келем, іздей берем тағы мың сан,
Ұмытып, суытып сезімімді, мазаласын сан күдік.
Күдер үзбе, арайланып күтеді алдан таңғы үміт,
Ұлы жібек жолы жиырма ғасыр уақыт тұрса да,
Ұлы жүрек жолы тұрар алау жағып мәңгілік…

Ардағым, өзіңді мен таңдадым,
Жүрегіме оралшы, сенсіз атпас таңдарым.
Самғадым ойлаудан еш талмадым,
Жырақтамашы менен, бір өзіңсің арманым.

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-