Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

Lasa - Сый қылып ал II | Текст песни

Жалғыздық, көлеңкемен төбелес.
Бірақ қайдан, сен үшін бұл сөз емес
Бақыт көру, мен үшін бұл көп елес,
Аздап жараланғанмын, түсінгені келіспес.
Ақын, ақын боларма? Ойнамаса сезіммен,
Бір шумақ жыр жазбаса, ғашык болған кезинен
Ол ақынды кім тыңдайды? Шабытымен безінген.
Жүрегі жоқ езілген.
Кеудеден маза, кірпіктен ұйқы қашқалы,
Өзімді таный бастаймын, болғанда бір ақшалы.
Жүректе от жоқ, суыған қаным бойымда,
Жақсы мінез барады аздап жойыла.
Алданыш іздеп, айнала берем артыма,
Түн шығып барамын, шаршамадыңба батыра?
Осы екен-ау, тереңінен тартып күрсіңген,
Шошитын кездер, кеудені тепкен дүрсілден.
Уақыт емдейді, бірақ жағдайды шешпейді
Бәрі тамаша болсада, бірдеңесі жетіспейді.
Ей бірақ мейлі, мен алі тірімін.
Өйткені қазақпын, мың өліп мың тірілдім
Бұл ойынның аты не?
Ең қызығы жеңімпаз жылап, ұтылған куледі.
Негізі өлеңім, жүрегім жайлы,
Оның қасиеті тіпті ыстық жазда мұздайды.
Өйткені қайғы, өзінікін таңдайды
Менің жан дүниемде, ылғыйда қара түн айлы.
Керек болса жаза беріп жинап аламын антология
Бірақ ол сен үшін қайғы, қорқыныш, фобия.
Бәрінде бар пенденің, тамырда қан баста ми,
Ашық қабақ жарқын жүз, оны қолдана білсей!
Көргенім көп, сондықтан көңілімде жанжал,
Осыларды көрген жүректі сый қылып ал!

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 1
Видео
Нет видео
-