Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BALLER - Ұнайды | vk.com/uysozder | Текст песни

Мне это нравится яғни ұнайды
Тыңдарманға да ұнайды сол үшін тыңдайды
Бұл ешқашан сатылмайды ешқандай бағаға
Мен жайлы өсектер күлкілі яғни уахаха
Бізге сухой болып шығу керек жағаға
Қыздар қазір аспанда яғни шағала
Ендеше бағала, бұл мен қымбат
Мен үшін қымбат яғни хип-хап
Хип-хап дәмді 11 Block аштан аш
Асқазан ауыртып алмағын, дәм татып басқасынан
Айналдыр басынан, қайталаймын бұл маған ұнайды
Сол үшін жасаймын, ешкім тоқтатпайды
Өздері тоқтайды, мені тоқтатпақшы болғандар
Мүмкін олар сен үшін МС мен үшін болвандар
Бір орында қалмандар тамыр жайылып кетеді
Сосын көшеде жүрген әрбір ит суарып жүреді
Күледі сыртынан жыртық тесікке
Мына заман алып барады өлім деген есікке
Ендеше келістікпе сен тимесен мен тиіспе
Қара мысық өтсе алдынан іздейсің тиме
Оның бәрін жай ғана ырым түсін досым
Жаратқан жалғыз ешқашанда қоспағын басқасын
Ендеше бастартқын адасқандар арасынан
Жақсылығың ауыр болсын тағдырдың таразында
Көзімнің қарасында қара халықтың бейнесі
Ананың махабатына табылмайды теңдесі
Әрбір пендесі тағдырдың болашағын білмейді
Бірақ жақсы болу үшін қолдан келгенін істейді
Ендеше сәттілік жоспарың орындалсын
Бір ғана әңгіме есіңде мәңгілікке қалсын
Адам айтқаны болмайды Алланың қалауы болады
Ендеше сабырлы бол арманың орындалады

Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 2
Видео
Нет видео
-