Гуру Песен Популярное
А Б В Г Д Е Ж З И К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Э Ю Я
# A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z

BaGi - Махаббат оқиғасы | Текст песни

Махаббат оқиғасы

Бір-бірін сүйді олар, естерін мүлдем жия алмай,
Болашақ үй болу, ұзақ армандап қиялдай.
Бірге сезді сезімді, қиындықты көрді де,
Бір-бірін жақсы танып, бес саусақтай білді де.
Бір сәт көрмеу бір-бірін – олар үшін ғанибет,
Өмірде болған оқиға, ертегі емес, әдебиет.
Гүл сыйлады қыз үшін жиып жүріп көшеден,
Арадағы махаббат сұлулықпен өлшенген.
Үйден қашып кездесу – екеуінің әдеті,
Сезімдеріне қарсы адамдар да бар еді.
Әкесі қаламады қыздың жігітпен жүргенін,
Сол себепті екеуі үйден қашып кездесетін.
Өмір деген сондай, бәрін түрлі жаратқан,
Құдайым әр пендеге несібесін таратқан.
Бала – көше баласы, әкесі жоқ, жетімек,
Қыздың бүкіл үй іші жақтырмады, не керек.
Көктемді жаз алмастырып, соңынан күз келді,
Өмірге деген көзқарас та бірден өзгерді.
Өтті арада біршама жыл ойнап-күлумен,
Бала сүйетін еді қызды шын көңілмен.
Бәрі жақсы болатын, бәрі жақсы болатын...
Ия... күндердің бір күнінде... күндердің бір күнінде...
Арада жылдар өтті, уақыт өзініңкін жасап,
Қыз да отыр есік алдында екі көзіне жас ап.
Әке-шешесі оны атастырды өзгемен,
Бала келді қасына, бет-әлпеті өзгерген.
Ести салып болғанды жүрегі ызаға толды,
Қызды сөзбен жұбатты: “Жаным, жылама, болды...”
Үйіне кіріп келді, әкесімен тілдесті,
Отырды екеуі де, ұзақ уақыт сөйлесті.
Жанына батар сөз айтты, немесе ыза кернеп,
Бала орнынан тұрып, үйіне тура беттеп.
Қыздан кешірім сұрап: “Мазаламаспын сені”, - деп,
Көздеріне жас алып: “Жаным, ұмыт тек мені...”, - деп.
Бала келді үйіне, қолына парақ алды,
Ақ парақ бетіне белгілі ойлар салды.
Шығып бесінші қабатқа, ең соңғы рет дем алып,
Денесін сол сәтте жерге қарай тастай салды...
Бала озды өмірден, құтқармады еш пенде,
Анасы жылап-сөгіліп, танып жатыр естен де.
Айнала толған адам, жүректері езілген,
Түсінбестен көбісі, бір қатарға тізілген.
Келді жедел-жәрдем де уақытынан кешігіп,
Қыз жылап келеді, жүгіріп тез, ентігіп.
Ешнәрсені түсінбей көтерілді үйіне,
Оқыды жазған хатын, келе алмады тіліне.
Көздері қарауытып қыз жерге талып құлады,
Ақ парақтың беті мынандай сөздермен былғанды.
Бұл – әлгі баланың соңғы жазған хаты...
Жазған хаты... ия, қоштасар хаты... жазған хаты...
“Жаным, мені кешірші, енді мені көрмейсің,
Бұл сөздерді жазар сәтте жағдайымды білмейсің.
Мен саған енді берем махаббаттан басқаны,
Әкең шындықты айтты, сөздерімді растады.
Менің жетім болғаным – менің басты жазығым,
Мен сені жыл-ай сүйдім, махаббатым, нәзігім.
Біліп жүрші, аяулым, сен үшін өмір сүрдім,
Біздің қосылмасымызды әуелден-ақ түсіндім.
Күйеуге шыққаныңды көре алмаймын өзгеге,
Аунап жайлы жата алмаспын, жәбірленіп, көрдеде.
Тірлік-тіршілігін жасап, ұмытарсың мені де,
Үшінші артық ұлмен босатамын сені де... босатамын сені де...
Ұмыт мені мәңгілікке... ұмыт... ”

Другие названия этого текста
  • BaGi - Махаббат оқиғасы (1)
  • Руфина Юлдашева - Махаббат оқиғасы (0)
  • ? - ? (0)
  • Баги - Махаббат оқиғасы (0)
Статистика страницы на pesni.guru ▼
Просмотров сегодня: 3
Видео
  • Bagi made in Srbija bre2.AVI Bagi made in Srbija bre2.AVI
    Crtez ne postoji tj.ja imam unikatan i originalan :) Neke ideje sam pokupio po netu ali ...
  • BAGI BAGI
    Bagi made in Srbija bre1.AVI - Duration: 1:08. by ... Bagi-Auto-Moped Cross ( Glinište ...
  • GTA 5 Mega Bagi!!!- tego jeszcze niebyło!!! cz.1 ... GTA 5 Mega Bagi!!!- tego jeszcze niebyło!!! cz.1 ...
    GTA5 Mega Bagi- sex z prostytutką cz.10. - Duration: 4:11. by ... GTA 5 Mega Bagi ...
  • bagi cd - dla tazia bagi cd - dla tazia
    bagi cd - dla tazia. misieq1986. SubscribeSubscribedUnsubscribe 1. Loading... Loading ...
  • Agi Bagi - Co śpiewają kwiatki? (wersja ... Agi Bagi - Co śpiewają kwiatki? (wersja ...
    Co śpiewają kwiatki?” wykonanie : Wojciech “Wozz” Łozowski, Tomasz “Tomson” Lach chórki : Magda ...
  • Bagi made in Srbija bre1.AVI Bagi made in Srbija bre1.AVI
    Brate, znas li gde moze da se kupi bagi u Srbiju? Read more Show ... Bagi trenutno ...